Әлем 09 Маусым, 2020

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келеді?

244 рет
көрсетілді

Әзербайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әзербайжан тарапы халықаралық рейстерге тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей әуе рейстерінің жандануы аталған күннен кейін қарастырылатын болады.