• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Машина алды... Жүргізушілік құқынан айрылды

1020 рет
көрсетілді

Осындай да ақымақтар болады екен. Машина сатып алған бойында оны «жуамын» деп араққа сылқия тойып, рөлде келе жатқан адамды СҚО полициясы ұстап, 15 тәулікке қамағанымен қоймай, одан әрі сот шешімімен 7 жылға жүргізушілік құқынан айырады.

Петропавлдың 31 жастағы тұрғыны «Chevrolet Cruze» автомашинасын сатып алған соң үйіне жеткенше шыдай алмай, оны бірден «жуғанына» қазір өкінішін жасыра алмай отыр. Нәпақасын ауыр жүк машиналарымен алысқа жүк тасумен айыратын ол енді рөлге отыру құқынан қоса айрылады.

Жігіт автотұрақтан жаңа машинасына мініп, шығып келе жатқанда ұсталды. Оның машинаны қисалаңдата жүргізгенінен бірден сезік алған автопатрульдер ұстағанда қуанышын жасыра алмаған ол «жууды» жалғастыруға бет алғанын да айтып қалған... «Қазір есін жиған жүргізуші өкінішін жасыра алмай, қатты қиналуда. Арақ ішкен соң рөлге отырғанның өзі қылмыс екенін, мұндайдың аяғы тек ЖКО-мен бітетінін ол ойламаған болып шықты. Патрульдік полиция мұндай фактілерді көзден таса қылмай ұстауға тырысады», дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полковник Қанат Айтбаев. 

Жалпы, жыл басынан бері СҚО жолдарында рөлге арақ ішіп алып отырған 368 жүргізуші ұсталды. Олардың кесірінен 4 үлкен ЖКО болып, екі адамның өмірі қиылды және екі адам әлі күнге ауыр жарақаттан емделуде.

Солтүстік Қазақстан облысы