• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Маусым, 2020

Өткен 5 айда мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түсті?

379 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Мемлекеттік бюджетке 3 трлн 420 млрд теңге сомасында кіріс түсті. Жоспар 102,9% атқарылды. Республикалық бюджетке 2 трлн 111 млрд теңге кірістер түсті, жоспар 99,4% орындалды. Жалпы кірістер бойынша жоспар 125 млрд теңгеге орындалмады. Жоспардың орындалмау себебі корпоративтік табыс және қосылған құн салықтарының аз түсуі есебінен болды. Оған сыртқы факторлар аясында төтенше жағдай аясында бизнесті қолдауға бағытталған шаралар әсер етіп отыр", - деді Е. Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, салық түсімдерінің азаюы сәуір айынан басталып, ағымдағы жылдың мамыр айында жалғасты.

"Электрондық счет-фактуралар ақпараттық жүйесі деректері бойынша кәсіпкерлік белсенділіктің ең көп төмендеуі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі болды. 2019 жылғы мамырмен салыстырғанда тауарларды өткізу бойынша айналымдар 54 пайызға немесе 1,2 трлн теңгеге төмендеген. Негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалар 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда орта есеппен 16,4%, ал жыл басынан бері 13,2% төмендеді. Бұл тау-кен өндіру саласынан түсетін салықтардың күрт азаюына әкеліп соқты", - деді Қаржы министрі.