• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Блокпосттағы оқиға: Күдікті экс-полицей туралы деректер шықты

390 рет
көрсетілді

Блокпосттағы жол апатына айыпты бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Азат Азаматов ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамырына дейін Патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жол апатынан 4 күн бұрын ол өз еркімен қызметінен кеткен. Жауапкершілігінің төмен болуына байланысты қызмет еткен жылдары 4 рет тәртіптік жазаға тартылып, бірде-бір рет ынталандыру сыйақысын алмаған. Жол апаты кезінде ол мас болған. Оны сот-наркологиялық сараптама көрсетті. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас болған. 25 мамырдағы жол апатынан соң, жеке құраммен профилактикалық жұмыс ақсап тұрғандығы туралы қорытынды шығарылды. Одан бөлек, БАҚ-қа жаңсақ ақпарат берілгеніне байланысты сын айтылды", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті. Оқиға орнында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Кеше үшінші полицейдің есін жиғаны туралы ақпарат шықты.