Жасы 70-ке қараған шағында атақты баскетболшы, КСРО құрамасының белді мүшесі Сергей Белов қайтыс болды. Бұл туралы «Известия» газетінің сайты хабарлады.
«Бүгін Пермьде ұзаққа созылған науқастан кейін даңқты кеңес баскетболшысы Серей Белов қайтыс болды», - делінген онда.
Өзінің керемет спортшылық мансабында С.Белов Мәскеудің ЦСКА командасы КСРО-ның көп мәрте чемпионы болып, 4 рет Еуропаның, 2 рет әлемнің алтын медалін омырауына таққан. Ал 1972 жылы Мюнхен Олимпиадасында тарихта аты қалған ғаламат жағдайда командаластарымен бірге жеңімпаздыққа қол жеткізді. Осындағы соңғы үш секундтің ішінде Сергейдің салған добы америкалық атақты Dream Team командасынан алтын медальді тартып алуға мүмкіндік берді. Осы жеңімпаз команданың сапында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов те ойнады. Осы ойында Белов 20 ұпай жинады. Ол 1980 жылы Мәскеу Олимпиялық ойындарының алауын жағу құрметіне ие болды.
Сергей Белов еуропалықтар арасында баскетболдың Даңқ залына енгізілген бірінші баскетболшы атанды. Ал Халықаралық Баскетбол федерациясы (ФИБА) Беловты Еуропаның өткен ғасырдағы ең үздік баскетболшысы деп таныды.
Сергей Белов жаттықтырушы ретінде де өзінің жарқын ізін қалдырды.
Руслан Игілік.
Суретте: екінші қатарда, сол жақтан төртінші - Әлжан Жармұхамедов, ал бірінші қатарда оң жақтан бірінші - Сергей Белов.