• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2013

Қытайда аралар шаққаннан ондаған адам қаза тапты

300 рет
көрсетілді

Қытайдың солтүстігінде аралардың шабуылынан 40-тан аса адам қаза тауып, 1600-ге жуығы жарақат алды. Тағы 37 адам хәл үстінде жатыр. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Улы жәндіктің бұл түрі қарапайым арадан өзгешелеу. Оның түсі қара және көлемі ірілеу келеді. Араның ұзындығы 5 сантиметр, ал инесі 6 миллиметрге жетеді.

Зардап шеккендердің денелерінде оқ тиген сияқты терең із қалған.

Әзірге өрт сөндіру қызметкерлері қауіпті аралардың ұяларын тауып, олардың көздерін құртуда.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар