• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2013

Эквадорда 3 тонна кокаин тәркіленді

361 рет
көрсетілді

Эквадор мемлекетінде есірткі саудасына қарсы жүргізілген арнайы іс-шара барысында 3 тонна кокаин тәркіленді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті ішкі істер министрі Хосе Серраноның мәлімдеуі бойынша, бұл есірткі Колумбияның «Лос-Урабеньос» қылмыстық тобымен тығыз байланыста болған адамдардан тәркіленген.

«Біз енді қылмыстық топтардың мұндай әрекетке баруына жол бермейміз», – деп жазды Хосе Серрано өзінің твиттердегі блогына.

Жалпы, жыл басынан бері Эквадорда шамамен 40 тонна есірткі тәркіленген.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар