• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Түркістанда жалғызбасты әке баспаналы болып, жұмыспен қамтылды

561 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Келес ауданының Бозай ауылдық округінің тұрғыны Андрей Грибанов 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Жары ерте қайтыс болып, бүгінде 2 қызы мен ұлына әрі әке, әрі ана атанып отыр, - деп жазады Egemen.kz

Осыдан бес жыл бұрын жұмыс бабымен, үш баласымен бірге ауылдағы тұрғын үйін сатып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған ол кейіннен денсаулығы сыр беріп, ауылға қайтуға мәжбүр болған. Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келгенін көрген қоңсысына бірлесіп үй алып берді. Одан бөлек, ауылдастары 20-ға жуық қой беріп, ауыл әкімдігі отағасын жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, бозайлықтар тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ, қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз еткен. Ауылдастары алдағы уақытта баспананы толық жөндеуден өткізбекші.

Қайырымдылық пен бауырмалдықты қатар сезінген Андрей Петрович бозайлық ауылдастарына шексіз алғысын білдіруде.

 

Түркістан облысы