• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2013

Қазақстандық белгілі экономист қайтыс болды

334 рет
көрсетілді

Ұзаққа созылған ауыр науқастан қазақстандық белгілі экономист Қанат Берентаев қайтыс болды. Бұл туралы radiotochka.k сайты хабарлады.

«Үстіміздегі жылғы 6 қазан күні ұзаққа созылған ауыр науқастан қоғамдық проблемаларды талдау орталығы директорының орынбасары, Қазақстанның саяси экономика саласындағы белгілі маманы қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қанат Берентаев 1941 жылы Талдықорған қаласында туған. Горький (қазіргі Төменгі Новгород) мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. 1972 жылдан 2000 жылға дейін КазКСР мемлекеттік жоспарлау комитетіне қарасты экономикалық зерттеулер институтының өтпелі кезеңдер проблемасы бөлімінде экономист және бөлім меңгерушісі болды. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының экономикалық қауіпсіздік бөлімін басқарды.

Қазақстан Үкіметінің экономикалық консультанттар кеңесінің мүшесі ретінде бірқатар экономикалық бағдарламаларды жасауға қатысты.

Соңғы жаңалықтар