Кеше, 6 қазан күні Қарағандыда жергілікті «Шахтер» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары кездесіп, 29-тур ойындарын аяқтады. Матч 3:0 есебімен алаң иелірінің пайдасына шешілді. Бұл туралы Egemennews.kz тілшісі хабарлады.
Осы арқылы қарағандылықтар 9 ойыннан бері жалғасып келе жатқан жеңіссіз ойындардың тізбегін үзді. Кездесу олардың айқын басымдылығымен өтті. Дегенмен, матчтың 39-минутына дейін қарсыластар есеп аша алмады. Сол сеңді Алдин Джидич бұзды. Ол Мақсат Байжановтың ұрған айып добына басын төсеп, гол салды. 58-минутта команданың ең мерген шабуылшысы Игорь Зенкович есепті 2:0-ге жеткізді. Осы арқылы ол 14 доппен жеке-дара мергендер көшін бастады. Ал соңғы нүктені 79-минутта Александр Габышев қойды.
Осы жеңістен кейін «Шахтер» тағы да Алматының «Қайратына» қуып жетті. Қазір екі командада да 26 ұпайдан бар.
Дамир Қожамқұл.
Турнир кестесі
1-6 орындар үшін
1 «Ақтөбе» 29 19 5 5 40 - 19 39
2 «Астана» 29 16 5 8 48 - 34 33
3 «Ертіс» 29 12 8 9 38 - 32 27
4 «Шахтер» 29 12 7 10 41 - 35 26
5 «Қайрат» 29 10 11 8 39 - 35 26
6 «Ордабасы» 29 10 6 13 28 - 34 21
7-12 орындар үшін
1 «Тобыл» 29 13 6 10 46 - 30 32
2 «Атырау» 29 8 11 10 23 - 34 22
3 «Восток» 29 6 11 12 18 - 34 18
4 «Тараз» 29 6 8 15 27 - 36 17
5 «Жетісу» 29 5 15 9 21 - 32 17
6 «Ақжайық» 29 6 9 14 34 - 48 15