Ресей президенті Владимир Путин бүгін 61 жасқа толып отыр. Бұл туралы РИА «ФедералПресс» хабарлады.
Владимир Путиннің туған күні көбінесе қызметтік жағдайда өтеді. Бүгін де ол Индонезиядағы Бали аралында өтетін Азия мен Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде сөз сөйлеп, қатысушылардың сауалдарына жауап береді. Сондай-ақ тағы бірнеше отырысқа қатысып, бірқатар екіжақты кездесулерде болады. Ресей президентінің бүгінге белгіленген соңғы кездесуі Жапония премьер-министрімен жергілікті уақытқа сәйкес сағат 22:30-да өтеді.
Айдар Өрісбаев.