Алла Пугачева мен Максим Галкин балалы болды. Бұл туралы Rosbalt.ru хабарлады.
Егіз баланы сурогатты ана дүниеге әкелді. Дегенмен, Алла Пугачева мен Максим Галкин олардың биологиялық ата-анасы болып табылады.
«Иә, бұл рас, Алла мен Максимнің егіз баласы туылды», – деп мәлімдеді әншінің құрбысы Алина Редель БАҚ өкілдеріне. Алайда, ол егіздердің есімдерін айтудан бас тартты. «Менен олардың есімдерін айтпауымды сұрады, бірақ, есімдері де сәбилердің өздері сияқты өте әдемі. Сәбилер Алла мен Максимнен аумай қалған», – деді ол.
Ресейдің өзге жұлдыздары бұл жаңалықты журналистерден білді. «Бұл рас па? Әлде мені алдап отырсыңдар ма? Филипп маған жақында бір елеулі оқиға болатынын айтқан, алайда, мұндай қуаныштың болатыны түсіме де кірмепті! Алла мен Максим үшін қатты қуаныштымын!», – деді әнші Лолита Милявская.Айдар Өрісбаев.