Грек-рим күресінен әлемнің екі дүркін жүлдегері 25 жасар Алмат Кебісбаев отбасын құрды. Бұл туралы ИКонтакте әлеуметтік жалісінде Kazakhstan Wrestling Online тобы хабарлады.
Палуанның таңдауы 18 жасар Айжан есімді қызға түсіпті. Ол Ақмола облысындағы Степногорск қаласынан. Ол да спортшы. Олимиялық резерв мектебін бітірген, жүзумен шұғылданады.
Той қазан айының басында Алмат Кебісбаевтың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысының Үржар кентінде өтті. Тойға Нұрмахан Тінәлиев бастаған көптеген спортшылар қатысыпты.
Алмат Кебісбаев 60 килоға дейінгі салмақта әлемнің екі мәрте жүлдегері атанған. Ол 2010 жылы Мәскеуде үшінші болса, 2011 жылы Ыстамбұлда финалға дейін жетті. Бұдан басқа, көптеген халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды, 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысты.
Үстіміздегі жылы Алмат Қазанда өткен Универсиадада қола медальды мойнына тақты. Ал Будапештте өткен әлем чемпионатында жүлдегерлер сапына ене алмады.
Руслан Игілік.