Олимпиялық алауды алып жүру эстафетасының Мәскеудегі кезеңінің бірінші күнінде оған 60 мың адам қатысты. Бұл туралы хабарлады.
Астаналық ішкі істер департаменті кезеңнің ешқандай артық оқиғасыз жақсы өткенін мәлімдеді. Көшедегі тәртіпті осы сәттерде 5 мыңнан астам тәртіп сақшысы қадағалап жүрген. «Қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық болған жоқ», деп баяндады ішкі істер министрлігінің Мәскеу бойынша мемлекеттік департаментінің сайты.
Бүгін, 7 қазан, дүйсенбі күні олимпиялық алау Ресей бойынша саяхатын бастады. Оның сөресі Васильев ылдиында берілді. Мәскеудің мэрі Сергей Собянин түстің кезінде Олимпиялық мерекеге жиналғандарды құттықтап, алауды синхронды жүзуден Олимпиялық ойындардың бес дүркін чемпионы Анастасия Давыдоваға ұстатты. Спортшы одан әрі Мәскеудің ішіндегі жүгірісті бастап кетті. Мұндағы эстафета 9 қазан күні аяқталады.
Дамир Қожамқұл.