• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2013

Теннис: Кукушкин Измирде «Челенджерді» ұтты

185 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин түріктің Измир қаласында «Челенджер» категориясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады. Қазір әлем рейтингінде 124-ші болып тұрған 25 жасар Кукушкин әлемнің 1064-ші ракеткасы италиялық Лука Соренсенді 6:1, 6:4 етіп жеңді. Михаил осы жеңісі арқылы 2013 жылғы маусымда «Челенджер» категориясындағы турнирді үшінші мәрте ұтып алуға қол жеткізді. Спортшы сондай-ақ осы жеңісі үшін 9 мың 200 еуро көлемінде қаламақы алып, АТР рейтингісіне 90 ұпай қосты. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар