• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Тұрғындар полицияға 36 қару тапсырды

234 рет
көрсетілді

Қостанай облысында өткен "Қару" жедел алдын алу шарасы барысында лицензиялық рұқсат ережесін бұзғаны үшін 45 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Маусымның сегізінде басталған іс-шара қылмыстың алдын алу мақсатында жүріп жатыр, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шара барысында тәртіп сақшылары азаматтық қаруы бар 1373 тұрғынды тексеріп, лицензиялық-рұқсат беру ережелеріне қатысты 53 заңбұзушылық анықтаған.  Оның ішінде заңсыз қару және оқ-дәрі сақтауға қатысты 8 материал сотқа жіберілген. Бұдан өзге, қару сақтауға және оны өзімен бірге алып жүруге құқық беретін 8 рұқсат құжаты жойылып отыр.  

Мысалы, Қарасу ауданында өткен тексеріс барысында жергілікті тұрғындардың бірінен заң бойынша тіркелмеген  12 калибрлі "ИЖ-58" мылтығы тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, Қарабалық ауданынының тұрғыны рұқсат құжатынсыз газ пистолетін сақтап келген.

Полицейлер рейд барысында 8 қару тәркілеп алған. Мұның сыртында, облыс тұрғындары 36 қаруды өз еркімен полицияға әкеліп тапсырған.  

 

Қостанай облысы