Литвада Cgates кабельді ірі компаниясы Ресейдің «Бірінші канал» телекомпанияының хабарын таратуды тоқтатты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Трансляцияны тоқтатуға 5 қазан күні берілген «Человек и закон» хабары негіз болыпты. Компаниядағылардың піріклерінше, мұнда 1991 жылы 13 қаңтарда Вильнюсте болған оқиғалар бұрмаланып көрсетілген.
Мұның алдында Литва радио және телевидение комиссиясы осы хабарға байланысты тексеру амалдары қолға алынғанын мәлімдеген болатын.
Сәкен Майлыбай.