• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Маусым, 2020

Әскери қаржылық және шаруашылық қызметті жүргізу реттелді

536 рет
көрсетілді

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Әскери бөлім мен мекемелерде, әскери басқарма органдарында қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен жүргізу ретке келтіріу мақсатында ҚР Қорғаныс министрінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 шілдедегі №399 бұйрығына өзгертулер әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бюджетті жоспарлау және атқару, әскери мүлікті есепке алуды ұйымдастыру кезінде лауазымды адамдардың өзара іс-қимыл тәртібі мен дәйектілігі айқындалды, қаржылық тәртіпті нығайту және әскери мүліктің сақталуы үшін лауазымды адамдардың міндеттер шеңбері кеңейтілді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.