• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2013

Маңызды мәселе талқыланды

230 рет
көрсетілді

Кеше Алматыдағы «Демократия үйінің» конференц-залында қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың төрағалығымен әкімдік жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

 

Кеше Алматыдағы «Демократия үйінің» конференц-залында қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың төрағалығымен әкімдік жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – жергілікті мемлекеттік басқару органдары тарапынан қолдау және өзара іс-қимыл жасау аясында Алматы қаласы тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйым­дардың рөлі мен маңызын арттыру және азаматтық қоғамды қалыптастыру мен нығайтудың көкейкесті мәселелері еді.

Бұл кеңестің осы жолғы отырысы VI республикалық Азаматтық форумның қарсаңына орай ұйым­дастырылды.

Осы ретте, кеңес отырысында жастар саясаты саласындағы жұмыстың өзекті түйткілдері, салалық жұмыс топтарының қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырудың тиісті көлемін кеңейту бойын­ша шаралар қабылданып, Ал­мат­ы қаласынан VI Азаматтық фо­румның делегаттары тізімінің жобасы талқыланды.

Сонымен қатар, бірқатар бас­­қармалар басшыларының және үкіметтік емес сектор өкілдерінің баяндамалары тың­далды. Осыған орай нақты ұсыныстар қолдау тапты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар