• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

3063 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын.

Санитарлық шараларды қатаң сақтағаныма қарамастан, бұл індет мені де айналып өтпеді.Әсіресе, қашықтан, үйде отырып жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге қиын. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкер, кәсіпорын, медицина мамандары, мемлекеттік, БАҚ қызметкерлері арасынан індет жұқтырғандар қатары артуда. Қазақстандағы жаһандық дағдарыс пен пандемия салдарынан пайда болған проблемаларды шешу үшін қазір көптеген азамат қарқынды жұмыс істеуде. Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары.

Сондықтан, барша қазақстандықтан «жеке карантин» ережелерін қатаң сақтауды сұраймын. Достар, аурудың алдын алу шараларына мұқият мән беріңіздер.

❗ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАЙМЫН: 1. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерлерде мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз;2. Егер сіз офис қызметкері болсаңыз, мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге тырысыңыз. 3.Туыс, достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз;4. Қоғамдық орындарда маска киіп жүріңіз;5. Қолды кем дегенде 20 секун сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз;6. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз.

Егер бойыңыздан мынадай симптомдарды байқасаңыз: әлсіздік, басыңыз, тамағыңыз ауырса, дене қызуыңыз көтерілсе - дереу дәрігерге хабарласыңыз!

Абай болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін", - деп жазды ол.