• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2020

Шығыс Қазақстанда 16 жастағы бала жай түсіп, мерт болды

1615 рет
көрсетілді

Бұл – Абай ауданындағы алғашқы дерек емес.

 

Бұл жайсыз хабарды Төтенше жағдай комитеті хабарлады. Комитет келтірген мәліметке сүйенсек, 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қасқабұлақ ауылынан 8 шақырым жерде 2004 жылы туған бала жай түсіп, мерт болған. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі бала далада қой жайып жүрген әкесіне көмекке бара жатқанда, үйден 500 метр шыққан кезде найзағай отынан көз жұмғанын жеткізді. Осы ретте департамент мамандары тұрғындардан найзағайлы күндері атпен жүрмеуді өтінеді.

Ескерте кетер бір дүние, бұл – Абай ауданындағы алғашқы дерек емес. Бұл аймақта осындай жайсыз оқиғалар жаз мезгілінде жиі орын алып тұрады.