• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2020

Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

1292 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Мәскеуде Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

"Мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады. Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданды. Қорғаныс министрі жұмыс орнында. Бұл ретте оның қарамағындағылармен тікелей байланысы жоқ. Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметіне басшылық ету телефон және бейнеконференцбайланысы арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.