• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Маусым, 2020

Қарсыластар келісімге қашан келеді?

133 рет
көрсетілді

Ливияның Ұлттық келісім үкіметі маршал Халиф Хафтардың басқаруындағы Ливия ұлттық әскеріне бірнеше рет әуеден соққы беріп, елдің бас қаласын өз бақылауына қайтарып алды.

Осылайша елдің бас қаласынан Халиф Хафтардың әскері алыстатылып, Триполи әкімшілік аймағы Ұлттық келі­сім үкіметінің бақылауына өтті. Оған қоса бұған дейін Ливия ұлттық әскерінің қарауын­да болған Әл-Вашка, Әл-Багла аудан­дары да Ұлттық келісім үкіметіне қайтарылған.

Өткен аптада азаматтық соғысқа қаты­сып жатқан қос тарап шетелге жаңа келі­сімдер жасауға аттанды. Ұлттық келісім үкіметінің басшысы Файзе Сар­радж­дың өзі Түркияға жол тартса, орынба­сарын Ресейге жіберді. Ал Reuters агенттігі Халиф Хафтар Мысырға барыпты деп жазады. Келіссөздерге аттанбас бұрын Ф.Саррадж халықаралық Триполи әуе­жайын өз бақылауына өткізіп, ел билі­гіндегі орнын нақтылай түскен.

Ал елдегі азаматтық соғысты өздерін­ше қолдап отырған державалар көп. Сирия мәселесінде келісе алмаған Түркия мен Ресей тағы да аймақтағы шиеленіске «қызығушылық» танытып отыр. БҰҰ мойындаған Файез Саррадждың Ұлттық келісім үкіметін Түркия ресми қолдаса, Қатар бейресми түрде қолдау көрсету­де. Ал Ливияның шығысын бақылауда ұстап отырған Хафтардың жақтастары – БАӘ мен Мысыр. Ресей бұл шиеленісте бейтараптықты ұстанып, Ұлттық келісім үкіметімен де, генерал Хафтар тарапымен де байланыс орнатқан.

2011 жылдан бері Ливияда орталық­тан­дырылған билік жоқ. Ел БҰҰ мойын­даған Файез Саррадж үкіметі мен Халиф Хафтардың басқаруындағы Ливия ұлттық әскері арасында қалып отыр. Күштердің текетіресіне тіпті коронавирус пандемия­сы да тұсау бола алмады.

БҰҰ мойындаған үкіметтің елдің бас қаласын қайтарып алуы Ливиядағы бейбітшіліктің нышаны емес. Керісінше ливиялықтардың басына қара бұлт үйіріле түскендей. Қос тараптың қақты­ғыс­тарынан әдетте қарапайым халық зардап шегуде. Газ бен мұнай секілді ресурстарға бай мемлекет азаматтарын білім, денсаулық сақтау секіл­ді адам өміріне маңызды алғы­шарт­тармен қамтамасыз ете алмай отыр. Одан да ауыры – қауіпсіздіктің болмауы.

Ақпарат құралдарынан Түркияның Ливия аумағында екі тұрақты база салуға дайындалып жатқаны белгілі болды. Ұлттық келісім үкіметі Түркияның бұл жоспары үшін Әл-Ватия әуе базасын бер­уді қарастырып жатыр. Ал екінші база Мисрата портында салынады деген жос­пар бар. Жаңадан салынатын портқа кеме­лер әкелінбек. Ал бұл өз кезегінде Түр­кияны Ливияның өндірісіне ортақ етеді деген болжамды туындатуда.

АҚШ бұл жағдайда да қарап қалмады. Жақында АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі Дэвид Шенкер Ресейді Ливия ісіне араласып, нәтижесінде Түркия интервенция­сына әкелді деп айыптады. Алайда бұл айыбына нақты дәлелдер келтіре алмады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ливиядағы қос үкіметтің БҰҰ шеңберінде келісімге келуі бейбітшілікке жасалған алғашқы қадам деп ойлайты­нын айта келіп, «Премьер-министр Файез Саррадж бен маршал Халиф Хаф­тар­дың биыл ақпанда Женевада өткен келіс­­сөздерде ортақ мәмілеге келе алуы қуант­ты. Алайда олар мәсе­ле­ге басқа мемлекеттердің араласуына жол бер­меуі керек. Өйткені өз пайдасын ойлаған елдер Ливияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін», деді мемлекеттік хатшы.

Ливияда сыртқы күштердің әсерімен қатар жергілікті топтардың таласы барын ескерсек, аймақтағы шиеленістің шешілуі ұзаққа созылмақ. Елдің бұрынғы басшысы Каддафидің өлімінен кейін Ливияда үлкен топтар билік жүргізуге көшті. Қазір елдің солтүстік-батыс аймағындағы Мисурат қаласының тұрғындары Ұлттық келісім үкіметін қолдап отырса, көршілес жатқан Зинтан қаласындағылар Хафтар әскерінің жағында.