• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Маусым, 2020

Елжан Біртановтың қызметін кім атқарады?

290 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін уақытша орынбасары Ләззат Ақтаева атқарады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов індеттен айыққанша оның міндетін вице-министр Ләззат Ақтаева атқаратын болды. Министрліктің ресми өкілінің мәліметіне сәйкес, вирус жұқтырған министр Елжан Біртановтың қазіргі жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Қазір ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.

"Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оның қазіргі жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Министр хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ол стационарда ем алып жатқанына қарамастан, коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн реттеп отыр", - деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.