• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

166 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Балалар уақыттарының басым бөлігін далада өткізетін жазғы демалыс кезінде полицейлерді жолдағы жағдай алаңдатады. 

Әр ірі сауда алаңдарының жанында көлікке толы көшені асыға кесіп өтулерін жиі байқауға болады. Қауіпті елемеуге тырысады. Олардың әр қайсысы өзі үшін ғана емес, оларға қарап қайталайтындар үшін де жауапты. Ересектердің бүгінгі мұндай әрекеттерін, ертең бала қайталауы мүмкін. Немесе – жаяу жүргінші жолағымен велосипедпен жүріп өтуін. Бұл жол қозғалысындағы ең қауіпті сәттердің бірі.

"Рөлдегі адам жаяу жүргіншілердің жылдамдығына қарай бағдар жасайтынын түсінген дұрыс", деп тоқтала кетті СҚО ПД бастығының орынбасары Қанат Айтбаев. Велосипедші әлдеқайда жылдам қозғалады. Асығыстық жүргізушіні орны толмас ауыр жағдайға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жолдағы жағдай ерекше бақылау аймағында болады. Полицейлердің мақсаты – құқық бұзушыларды барынша жауапкершілікке тартпай, барлық жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпке бой ұсынуына қол жеткізу. 

Облыстағы жедел-профилактикалық іс-шаралардың төрт күні ішінде жаяу жүргіншілер және жол жүрісінің басқа да қатысушылары тарапынан Жол жүрісі қағидаларының 200 бұзушылығы анықталды. Көлік жүргізушілерімен 900 шақты бұзушылыққа жол берілген. Оның ішінде 49-ы көлікті масаң күйде тізгіндесе, 206-сы жүргізуші куәлігінсіз болған, 259-ы жылдамдықты асырған. 

Бұдан басқа, учаскелік инспекторлар 351 тұрмысы қолайсыз отбасын тексерді. 42 ата-ана балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны, тағы 156-сы жасөспірімдердің кешке қыдыруларына, немесе сағат 23-тен кейін ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқан 10 кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Жалпы “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде әкімшілік заңнаманың 3655 түрлі бұзушылықтары анықталды.