• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегушілерге көмек көрсетеді

350 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен жеті әйел облыстық Әйелдерді қолдау орталығынан пана тапты. Бұлар, балаларымен қосқанда, барлығы 14 адам, - деп жазады Egemen.kz

Зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға полицейлер ғана емес, Әйелдер күшінің альянсы және қолдау орталығы сияқты екі қоғамдық ұйым көмек көрсетеді. Жапа шеккен әйелдер мұнда жарты жылға дейін баспана табады. Бұл уақытта оларға заңнамалық және қаржылық тәуелсіздік алу жолдары бойынша ақыл-кеңестер де беріледі.

Қазір Петропавл қаласы бойынша 18 маусымға дейін "Отбасында зорлық-зомбылық болмасын!" деген акция жүріп жатыр. Акция барысында бұрын зорлық-зомбылық жасаған адамдар тексеріледі және жапа шеккендердің қазіргі ахуалы сұралады. Егер жанжалқой үй-ішінің мазасын алып, тағы  ұрыс-керіс тудырып, боқтық сөздер айтқан болса 5 тәулікке дейін, ал әйеліне қол жұмсаған болса 15 тәулікке дейін қамалады.

Жанжалқұмар полицияның орындауға берген міндеттемесін де аяқ асты еткен болса қамалады. Мәселен, қаланың "Жұмысшылар кентінде" тұратын 1975 жылғы туған сондай адам бұрын өзінің отбасынан жанжалқойлық қылықтары үшін айрылып, шешесінің қолында тұратын еді. Енді шешесіне де маза бермейтін көрінеді. Полицияның орындауға берген міндеттемелерін де аяқ асты еткен. Сол үшін полиция оны шешесінің қарсылығына қарамай, 5 тәулікке жапты.   

 

ПЕТРОПАВЛ