• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Технология 17 Маусым, 2020

Microsoft қандай смартфон шығармақшы?

646 рет
көрсетілді

Компанияның алғашқы Android-смартфоны келесі айда шықпақшы. Гаджет Surface Duo деп аталады. Бүктелмелі смартфонның қос экраны бар. Экраны жалпақ болғандықтан смартфонға қарағанда планшетке ұқсайды, - деп жазады Egemen.kz

Әр дисплейі 5,6 дүйм болатын гаджеттің Surface Pen стилусы бар. Жазылып тұрғандағы қалыңдығы 4,8 мм. Процессоры Snapdragon 855 чипсетімен жабдықталған. Жедел жадысы 6 Гб болса, ішкі жады 64 немесе 256 Гб болып келеді. Аккумуляторы 3460 мА/сағат.