• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Су басқан Өргебас ауылында құрылыс қалай жүріп жатыр?

629 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 184-і 17 млн теңге өтемақыны алу үшін келісімшартқа тұрған. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

 

Келісімшарт бойынша 184 үйдің 182-не 17 млн теңгенің 50%-ы аударылып, тұрғындардың басым бөлігі құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда 66 үйдің іргетасы қалануда және 8 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар 1 үйдің шатыры жабылғалы тұр.

Бұдан бөлек, 50 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 130 үйге бұзу жұмыстары жасалған.

Жалпы 175 құрылысшы 17 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Өзбекстан Республикасы тарапынан өргебастықтарға 3 экскаватор, 1 камаз бен 30 адам көмек беріп жатыр.  

Айта кетейік, Өргебас ауылы 1971 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1256 гектарды, соның ішінде егістік жердің көлемі 1203 гектарды құрайды. 1451 тұрғыны бар.

Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медицина пункті мен 1 полиция пункті бар. Сонымен қатар 155 шаруа қожалығы, 1 мал бордақылау алаңы, 3 сауда нүктесі мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді.