• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2020

Бейжіңде коронавирусқа байланысты оқу орындары жабылып жатыр

245 рет
көрсетілді

Бейжіңде коронавирус қайта өршіп, сақтық шаралары күшейтілуде, - деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Бүгіннен бастап Бейжіңдегі бастауыш, орта және жоғары оқу орындары уақытша жұмысын тоқтатады.

Сондай-ақ Қытайдың өзге аудандарынан туристік топтардың Бейжіңге келуіне тыйым салынды. Эпидемиологиялық жағдайы жоғары аудандардың тұрғындарына жергілікті жерінен шығуға болмайды.

Қазір Бейжіңде мәдени, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар тоқтатылған.

Еске сала кетейік, өткен аптада Бейжіңнің оңтүстік Фэнтай ауданындағы Синьфади сауда базарында COVID-19 оқиғасы тіркелді. Содан бері 100-ден астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың көпшілігі сауда орындарының қызметкерлері мен олармен байланыста болғандар.