• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Маусым, 2020

Экспорттаушылардың шығындары өтелмек

223 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрлігіне 2020 жылдың басынан бастап 246 экспорттаушылардан жалпы сомасы 5 848 млн. тг болатын сервистік шығындарын өтеуге 500 өтінім түсті, - деп жазады Egemen.kz

ВАК 6 отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 128,6 млн теңгеге 57 компаниядан 98 өтінім мақұлданды.

Шикізаттық емес сектордағы экспорттаушыларға шығындарды өтеу құралы алғаш рет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанында  2019 жылдың 2-тоқсанның соңында қолданылған. Алайда, бұл қағидалар кәсіпкерлік субъектілерін қамтуда шектеулерге, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу бойынша қиындықтарға ие болды.

2019-2020 жылдар ішінде Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларды субсидиялау Қағидаларына бір рет ғана өзгерістер енгізді – Шығындарды өтеу қағидаларының 2-ші пакеті - 2019 жылғы 16 қазанда қабылданды.