• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2020

Конгоның Сот төрағасы басынан соққы алып қайтыс болды

242 рет
көрсетілді

Конго Демократиялық Республикасы, Әділет министрлігінің хабарлауынша, президент әкімшілігінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сотты қарау кезінде Р.Ян инфаркттан қайтыс болды деді. Алайда бәрі теріске шығып отыр. Керісінше сот төрағасы іс жүзінде басынан алған ауыр соққыдан қайтыс болған. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Селестин Тунда Я.Кассенде кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу басталғанын айтты. Сондай-ақ мамыр айында полиция өкілдері Рафаэль Яны жоғарыда айтып өткендей инфаркттан қайтыс болды деп мәлімдеген еді. Ол сол уақытта Виталий Камеренің сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот ісін басқарған. Тағы бір түсініксіз жайттардың бірі "басын өткір пышақпен ұрған не болмаса ауыр заттармен соққылағанның салдарынан қайтыс болды", дейді Әділет министрі С.Кассенде.

Еске сала кетейік, Конго ұлттар одағы партиясының жетекшісі Виталий Камере бірнеше онжылдықтар бойы Конго саясатындағы басты ықпалды тұлға және пара алды деген күдікпен айыпталды.

Ал 2020 жылдың 11 маусымында өткен сот отырысында прокурорлар  Камерені 50 млн доллардан астам мемлекет қаражатын ұрлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

БАҚ-тың хабарлауынша, сонымен қатар 2018 жылғы сайлауда болашақ президент Феликс Тшисекедиді өзінің ізбасарын ретінде қолдау көрсеткені туралы келісімге Камере қол қойған. Бұл тарапта ол заң бұзушылыққа қатысты барлық айыптауды жоққа шығаруда. Осы жағдайдан кейін сот төрағасы алмастырылған болатын. Күдік әлі сейілер емес...