• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Атырауда екі жасар бала терезеден құлады

385 рет
көрсетілді

Кеше көп қабатты үйдің 5-ші қабатындағы  терезеден құлаған екі жасар бала ауруханаға  түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл оқыс оқиға 16 маусымда сағат 19:40-та Атырау қаласында  болған.

"Береке ықшамауданында орналасқан көп қабатты үйдің   5-ші қабатындағы терезеден  2018 жылы туған  бала құлап кетті. Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.