• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Маусым, 2020

Елордада өкпені жасанды желдетуге қосылған адамдар саны 4 есеге артты

150 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бүгін таңертең жұқпалы және уақытша ауруханалардағы адамдар саны 1 711 адамды құрады. (Бұл орын сыйымдылығының 90%-ы), оның ішінде 80 адам реанимация бөлімінде, ал өкпені жасанды желдетуге қосылған адамдар 4 есе артты. Олардың 91% орташа ауырлық дәрежесінде, 9%-ы ауыр және өте ауыр, олар дереу реанимация бөліміне түседі. Бұл ретте, егер жыл басынан күніне орта есеппен пневмониямен 5 пациент келіп түссе, маусым айынан бастап күн сайын орта есеппен 500 адам келіп түседі. Оның ішінде вирусты пневмониямен әрбір екіншісі, оның 90%-ы орта-ауыр және ауыр күйде түседі", - деді Сәуле Қисықова.