• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда 112 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

767 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған әйелдерге арналған жеке перзентхана ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер босанып жатыр. Бүгінде 17 бала дүниеге келді.  Жалпы қалада 112 жүкті әйел вирус жұқтырған. Оның 78-і стационарда ем қабылдап жатыр. 12 маусымнан бастап қосымша төсек қорындарды қайта бейімдеу есебінен провизорлық стационарлардың төсек-орын саны 300-ден 705-ке дейін көбейді. Осы мәселеге байланысты  төсек қорын қайта бейімдеу есебінен жеке перзентхана немесе COVID-перинаталдық орталық ашамыз", - деді Сәуле Қисықова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 20-дан астам вирусологтың індет жұқтырғанын хабарлаған едік.