• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Қостанай облысында 26 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

572 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк пен аймақ экологтарының және "Qostanai - adaldyq alany" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен  өткен онлайн-жиында айтылды. Эколог-мамандар  облыс аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерде  313 қоқыс үйіндісін тапқан. Бұл орындар "Ғарыш Сапары" ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы анықталып отыр. Бүгінге дейін оның 155-і жойылыпты. Қалған 158 қоқыс полигонын жою жергілікті атқарушы органдарға міндеттелген.

Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды тиімсіз ұйымдастырған 26 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Таяуда өңірлік экологиялық реттеу бөлімінің басшысы қамауға алынды. Ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларды өрескел бұзып, қоқыс қалдықтарын шығару жобалары бойынша бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Барлықтарыңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға шақырамын. Қоқыс алаңы кімге тиесілі? Міне, жауапты адам да сол! Аумақтағы ұйымдармен және жеке тұлғалармен тұрақты негізде түсінік жұмыстарын жүргізу қажет. Қоқыс полигонын дұрыс ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды әкімдердің рейтингіне қосуға болады", дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Данияр Смағұлов.

Қостанай облысы