• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2020

АҚШ президенті полицияны реформалау туралы жарлыққа қол қойды

220 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі полиция жүйесін реформалау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жарлық полиция департаменттеріне күш қолданған кезде жаңа стандарт бойынша жұмыс істеуді ұсынады. 

Құжатқа сәйкес, тәртіп сақшыларына қамау процесі кезінде тұншықтыру әдісін қолдануға тыйым салынған.

Сонымен қатар,  құжатта қызметкерді дайындау мен еңбек қызметі үшін ынталандыру әдістеріне федералды грант бөлу керек деген ұсыныс жасалды. Қызметкерлерді іріктеуге де қатаң талаптар енгізілмек.

Еске сала кетейік, полиция жүйесіндегі өзгерістерге афроамерикалық Джорд Флойдтың өлімі себеп болды.