• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Қарағандының шахтасы 1 млн тонна көмір өндірді

1610 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасындағы И.Костенко атындағы шахта биылғы жылдың алғашқы 1 миллион  тонна көмірін өндірді, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Костенколық кеншілер "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты Көмір департаменті бойынша былтыр орнатылған өндірістік рекордтан асып түсті. Өткен жылы "Шахтинская" шахтасы миллиондық межеге 28 маусымда жеткен болатын.

Еселі еңбек жеңісіне жеткен ұжымды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры Биджу Наир мен көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз құттықтады.

Дәстүр бойынша И.Костенко атындағы шахтаның кеншілері жұмыс ауысымынан кейін көмірдің символикалық кесегін жер бетіне көтеріп шығарды. Еңбек озаттарын қошеметші қауым гүлдермен және ду қол шапалақтаумен қарсы алғаннан кейін, оларды шахта директоры Сергей Мустивко құттықтап, алғыс айтты.

Ал директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Вадим Еремин ерен еңбегімен көзге түскен учаске басшылары Руслан Гафуров пен Виктор Котенковтың ұйымдастырушылық қабілеттерінің зор болғанын атап өтті.

"Олар өз учаскелеріндегі жұмысты дұрыс жолға қоя білді. Соның нәтижесі осындай табысқа жеткізді. Бұдан бөлек, К-3 лавасындағы заманауи FAMUR құрылғысы да өндіріс жоспарын асыра орындауға, қауіпсіздік шараларын толығымен сақтауға игі ықпалын тигізді", – деді ол.

 

 

Қарағанды облысы