Сэндай қаласының аспанында пайда болған шар тәріздес формадағы объекті жапон полициясын әбден әбігерге салды. Белгісіз объекті туралы қала тұрғындарынан жаппай хабарламалар мен шағымдар келіп түсті, деп жазады Egemen.kz
Полиция өкілдері объектінің табиғатын анықтау үшін тікұшақты жіберген, алайда тек оның 1,5 шақырым биіктікте ұшып бара жатқаны анықталған. Ол екі пропеллер мен крест тәрізді конструкциясы бар ақ шарға ұқсайды-мыс.
Бұл тарапта Жапонияның Көлік министрлігі, метеорологиялық басқармасының мәлімдеуінше, объектіні табу қиынға соғуда және көпшілік жиналатын не болмаса әуежай орналасқан аудандарда ұшу кезінде алдын ала арнайы рұқсат болуы қажет. Бірақ оларға бұл туралы ешқандай өтініш келіп түспегендігі айтылды. Сәрсенбі күні кешкісін шар шығыс теңізіне қарай ұшып, көзден ғайып болған. Шар тәріздес объекті өзімен бірге құпиясын ала кеткен сияқты.