Еліміздегі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының мәліметінше, "Бастау бизнес" жобасы 10 маусым-30-шы қыркүйек аралығында өтеді. Ал жобаға қатысушы адамдарды тегін оқыту биыл карантиндік шектеулерге байланысты онлайн түрде өткізіледі, - деп хабарлады Egemen.kz.
Сондықтан 5 топпен 21 күннен оқытылады. Онлайн оқыту алдын-ала әзірленген бейне-сабақтар арқылы жүргізіледі. Алғашында қатысушылар жалпылама сабақтар бойынша білім алса, одан кейін өздерінің таңдаған бағытына қарай жекелеген бейне-сабақтар беріледі. Мәселен, мал шаруашылығын дамытуды көздейтін тұрғынға осы саланың қыр-сыры үйретіледі.
Бейнесабақтар аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы бизнес тренермен жеке жұмыс жасайды. Әрбір аудан-қалада палатада бизнес тренер бар. Олар бизнес жоспар түзу жағынан кеңес береді. Бизнес тренер үміткердің жобасын дамытуға да қолғабыс жасайды. Алдымен жобаға қатысушылар өзінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына барып, өтінім береді.
Орталық мамандары өтініш берушінің жұмыссыз немесе жұмыс жасауға жарайтын мүмкіндігі шектеулі жандар санатында екенін растап, арнайы жолдама береді. Бұдан кейін жолдама мен жеке басын куәландыратын құжатымен үміткер кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінеді.
Палатада қатысушыны Atameken Academy онлайн-платформасына тіркейді. Онлайн оқыту алдын ала әзірленген бейне сабақтар арқылы жүргізіледі. Яғни, ең алғашында қатысушылар жалпылама сабақтар бойынша білім алса, одан кейін азаматтардың таңдаған бағытына қарай жекелеген бейнесабақтар беріледі. Мәселен, мал шаруашылығын дамытуды көздейтін тұрғынға осы саланың қыр-сыры үйретіледі. Ал, жобаға қатысушылар үш рет тест тапсырады. Алғашқы тестілеуде үміткердің білім деңгейі мен икемі сараланады.
Екінші, аралық тесте бейне сабақтардан алған білімі тексеріледі. Үшінші тест бизнес жоспарды қорғау алдында алынады.
Қатысушылар бизнес жоспарларын да онлайн түрде қорғайды. Содан кейін оқығаны жөнінде сертификат беріледі. Қазіргі таңда сертификатты қатысушылардың қолына емес, электронды түрде үлестіру қарастырылуда.
Жалпы, өңірде 1350 тұрғынға бизнес негіздерінен білім беріледі. Жобаның түлектері, яғни, бизнес жоспарларын сәтті қорғаған қатысушылпр әрі қарай гранттық қаржыландыруға немесе шағын несиелер алуға қатыса алады.
Павлодар қаласы