• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2020

Швецияда 5 мыңға жуық адам індет құрбаны болды

225 рет
көрсетілді

Швеция билігі Covid-19 эпидемиясынан 5 мың адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұл Швецияға көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда көп, - деп жазады Egemen.kz

Швед билігі пандемия басталғанда қатаң карантин шараларын енгізуді қарастырмады. Маусымның басында бұл шешімді қабылдаған елдің бас эпидемиологы Андерс Тегнелл енді басқаша шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты. 

Айта кетейік, Швеция – коронавирусқа қарсы қатаң карантин енгізбеген санаулы елдердің бірі. Халықтың 80 пайызы вирус жұқтыруы мүмкін болғанына қарамастан елдегі мектептер, балабақшалар,  мейрамханалар мен сыраханалар ашық болды.