• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Маусым, 2020

Қазақстан миллионнан астам ПТР тесттерін сатып алады

208 рет
көрсетілді

Алдағы 10 күн ішінде 1 млн-нан астам ПТР тесттері сатып алынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, - деп жазады Egemen.kz

"Әзірге  390 мыңнан астам тест бар. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 200 мыңға жуық тест бар. Егер бір күнде алынатын тестілеу санын ұлғайтса, қазір 28 мыңға жуық тест жүргізілсе, онда тәулігіне Мемлекет басшысының тестілеуді кеңейту қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін 30 мыңға дейін тест жеткіземіз", деді Денсаулық сақтау вице-министрі,

Оның айтуынша, бүгін өткен ведомствоаралық комиссия отырысында облыстар мен Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне медициналық ұйымдарда қосымша ПТР зертханаларын көбейту, яғни қолда бар инфрақұрылым болған жағдайда зертханалық диагностиканы қолжетімді ету туралы тапсырмалар берілді.

"Келесі 10 күн ішінде 1 млн 200 мың ПТР тестілер сатып алынады. Сонымен қатар, халыққа ақылы тестілеу жүргізілуде. Негізінен тестілеуге  тікелей клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар қатысуы тиіс", деді Ләззат Ақтаева.