• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елбасы 18 Маусым, 2020

Бауыржан Байбек: Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне толық сенімдімін 

377 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді, - деп жазады Egemen.kz

"Құрметті достар! Өкінішке қарай, коронавирус індеті Тұңғыш Президентіміз, Елбасыға да жұққаны анықталды. Бұл хабар бәріміздің де жанымызды жабырқатты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, бүкіл жұртымыз Елбасының денсаулығына алаңдап, тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр. Өмірдің талай аумалы-төкпелі өткелдерінен сүрінбей өтіп, қабырғалы қалың елін өркениет өріне бастап келе жатқан Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне толық сенімдімін. Бұған менің ұзақ жылдар Елбасының қасында тығыз жұмыс істеп, тағлымын алып келе жатқан жан ретінде толық көзім жетеді", деп жазды Б. Байбек.

Сондай-ақ ол Елбасының денсаулығы мықты екенін атап өтті.

"Елбасы - терең парасат пен асқақ рухтың ғана емес, мықты денсаулықтың да иесі. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, саламатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортпен шұғылданғанына талай куә болдым.

Елге тұтқа, жұртқа тірек бола білген кемеңгер басшымыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін!", деді Б. Байбек.