• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2020

Коронавирус: Бейнеуде жағдай ушығып тұр

766 рет
көрсетілді

Бұл туралы брифингте өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Біздің өңірде вирустың симптомдық түріне шалдыққан 379 адам бар. Ақтау қаласында 105, Жаңаөзенде 38, Түпқараған ауданында 6, Қарақия ауданында 47, Маңғыстау ауданында 14, Мұнайлы ауданында 22, Бейнеу ауданында 147 науқас тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 49-ды құрайды. Сырттан келіп тіркелген науқастар алты адам. Жергілікті жерден 147 ауру азамат анықталды. Сырқаттармен жақын қарым-қатынаста болған 226 адам тіркелді", деді Ж.Жаманбаева.

Қазіргі таңда облыс көлемінде инфекциялық стационарлар жұмыс істеп тұр. Ақтаудағы стационарда 66 адам, Бейнеу ауданында 39, Жаңаөзен қаласында 39 адам емдік шараларын қабылдап жатыр.

"Ал Ақтаудағы провизорлық стационарда 153 адам бар. Шетпе ауылында 4 адам, Жетібайда 4 адам, Жаңөзенде 11, Бейнеу ауданында 59 адам емделуде. Қазіргі уақытта бұл ауруды жұқтыру негізінен жақын қарым-қатынас есебінен тіркеліп жатыр. Бұл ретте 47,8 процентке жетіп отыр. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Соның ішінде бізді алаңдатып отырғаны Бейнеу ауданындағы ахуал. Әлгі ауданға 6 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, 18 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Н.Қилыбаев бастаған мамандар, 4 дәрігерлер бригадасы барған болатын. Бұл бригадалар сол жерде жұмыс жасап келді. Қосымша ашылатын стационарларды тексеріп, карантин уақытында атқарылып жатқан іс-шаралармен танысты. Медициналық құрал-жабдықтар мен жеке қорғаныш құралдар қорының жеткілікті екендігіне көз жеткізуге баса мән берілді",- деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ведомство жетекшісінің сөзінше, жуық арада 5-ші дәрігерлік бригада Бейнеу ауданына жіберіледі.