• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 19 Маусым, 2020

Маңғыстаудың туристік төлқұжаты жасалды

296 рет
көрсетілді

Туризм саласын дамыту – басты назарда. Жуырда Маңғыс­тау­дың турис­тік әлеуетін ілге­рілету мақсатында бірегей бренд-бук жасақталып, логотипі әзір­ленді. Туризм саласын дамыту – басты назарда. Жуырда Маңғыс­тау­дың турис­тік әлеуетін ілге­рілету мақсатында бірегей бренд-бук жасақталып, логотипі әзір­ленді. 

Бренд-букта Ақтау қаласының туристерге арналған жолкөрсеткіші, шаһардың туристік картасы мен теңіз жағалауы аумағының картасы жасақталды. Сондай-ақ буклетте өңірдің және Ақтау қаласының 10 көрікті жері, қызмет көрсететін мекемелері туралы өзге де ақпараттар орналасқан. Ақтаудағы автобус маршруттары, суретке түсетін орындар, кемемен саяхаттау аялдамалары, демалыс орындары жайындағы мәліметтердің барлығы дерлік көрініс тапқан. Ақтау қаласының әуежайында, қонақ- үйлерінде ақпараттық тақтайшалар орналастыру жұмыстары басталды. Ақпараттық тақтайшаларда туристік операторлар өздерінің тур маршруттарын ұсынатын болады.

«Visitmangystau.kz» сайты, инстаграмм, фейсбук парақшалары іске қосылды, мұнда Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының көрікті жерлері, турис­терге қажетті барлық ақпарат енгізілген. Сонымен қатар қаладағы аялдамаларда аймақтың, Ақтау қаласының көрікті жерлері туралы ақпараттарды орналас­тыру ұсынылды. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мекемесінің Ақтау-Әуежай бағытындағы жолаушылар автобусына, жаңадан келетін автобустарға безендіру ұсынылады. Сонымен қатар Ақтау-Әуежай бағы­тындағы жолаушылар автобусының маршрутын жағажай аумағына дейін созу жұмыстары жүргізілуде.

Өңір басшылығы туризм сала­сындағы тың идеяларға қолдау көрсетіп, туристік жобалардың бастамашыларына барынша көмек көрсетілетіндігін айтуда.

 

Маңғыстау облысы