Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ермек Жұмабаев Әзербайжандағы президенттік сайлау байқауына қатысады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ермек Жұмабаев Әзербайжандағы президенттік сайлау байқауына қатысады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Е.Жұмабаев осының алдында ТМД ПАА-ның байқау жөніндегі халықаралық байқаушылар тобының мүшесі ретінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Страсбургтегі күзгі сессиясына қатысып қайтқан еді.
Сапар барысында 2013 жылғы 9 қазанда болатын Әзербайжан Республикасындағы президенттік сайлаудағы ЕКПА-ның байқаушылар миссиясының мүшелерімен кездесу болған-тын.
Атап айтқанда, ТМД ПАА делегацияның мүшелері ЕКПА Төрағасы Жан-Клод Миньонмен кездесіп, сайлауға мониторинг жүргізу барысында халықаралық парламенттік ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелерін талқылаған еді. Сондай-ақ Әзербайжандағы президенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕКПА миссиясының жетекшісі Р.Уолтермен кездесу өткен болатын.