• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Маусым, 2020

Шектеу шаралары күшейеді

295 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоара­лық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Отырыста Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Еліміздегі санитарлық-эпиде­миялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л.Ақтаева, өңірлердегі жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев, Түркістан облы­сының әкімі Ө.Шөкеев баяндады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, ВАК биылғы 20-21 маусым, демалыс күндері мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараған­ды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша: сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базар­лардың қызметі тоқтатылады; қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік ара қашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс; қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі; қоғамдық демалыс орындары: саябақтар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады; фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады; 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін. Тұрғындарының саны 50 мың­нан асатын елді мекендер бойынша: қоғамдық орындардың: саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады; 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін. Өңірлердің бас санитарлық дәрі­герлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан турис­тік аймақтарға кіруге тыйым салу, ал атал­ған аймақтардағы адамдарға – әлеу­меттік қашықтықты сақтау қажет.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдік­теріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы ха­лықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту; ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту; меншік нысанына қарамастан, өңір­де бар ресурстарды тарта отырып, нау­қас­тар­ды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету; жедел медициналық жәрдем стан­­саларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету; үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек дең­гейінде сапалы динамикалық бақы­лау жасау (қашықтан, мобильді брига­далардың көмегімен); халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Соңғы жаңалықтар