• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Маусым, 2020

21 маусымда ҰБТ басталады

879 рет
көрсетілді

21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, - деп жазады Egemen.kz

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді.21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:

дезинфекциялық тоннельден өту; арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру; дене қызуын өлшеу; қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу; медициналық маскалар беру.