Nazarbayev University Президенті Шигео Катсу Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа университет және "Júsan" компаниялар тобы атынан хат жолдады. Хатта Елбасына зор денсаулық, қажымас күш-қуат және тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
"Өткен жылдың желтоқсан айында басталған Қытайдағы ахуал бастапқыда тек жергілікті проблема болып қала берді. Кейін COVID-19 індеті бірнеше апталар мен айлар ішінде ғаламдық катастрофиялық індетке айналды. Қоғам мен елдер арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгертті. COVID-19 инфекциясының тез таралуы адамдардың оқшаулануына және ауру топтардың көбеюіне әкелді. Пандемия − әлеуметтік жаратылыстың табиғатын бұзып, адамзатқа зиянын тигізеді", деп жазады хатында. Хаттың соңында Шигео Катсу: "Біз Сізбен қашан да біргеміз! деген сөздермен қорытындылады.