• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Атыраудың Индербор кентінде карантин жарияланды

729 рет
көрсетілді

Атыраудың Индербор кентінде карантин жарияланды. Осыған орай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанова арнайы қаулы шығарды, деп жазады Egemen.kz

"Индербор кенті аумағында 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін карантиндік шектеу шаралары жариялансын. Индербор кенті аумағына аудан орталығында жұмыс жасайтындарды, шұғыл медициналық көмекке жүгінгендерді қоспағанда, аудан аумағындағы ауылдық округтерден, басқа да қалалар мен аудандардан көліктердің, азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынсын. Индербор кентінің кіреберістеріне блокпосттар қойылсын", делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес,  ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге,  қоғамдық орындарға (алаңдарға, саябақтарға, жағалауларға) баруға және меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының,  діни нысандардың қызметіне және халықтың онда баруына тыйым салынып отыр.