• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Теңіз кенішінде жұмысшылар ауысып жатыр

710 рет
көрсетілді

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде жұмысшылардың вахталық ауысуы басталды, деп жазады Egemen.kz

"Теңізшевройл" компаниясы мемлекеттік органдармен бірге персоналдың вахталық ауысуын ұйымдастыруға байланысты жоспарын жасақтады. Басты мақсат –Теңіз кенішіндегі өндірістік және "Келешек кеңею" жобасындағы жұмыстардың үздіксіз атқарылуын, жұмысшылардың қауіпсіз ауысуын қамтамасыз ету. Ауысу жоспары бекітілді. ТШО мен мердігер компаниялар вахталық ауысуды 15 маусымда қалпына келтірді", деп хабарлады ТШО-ның баспасөз қызметі.

Ауысу кезінде Теңіз кенішіндегі персонал ПТР-тест тапсыру үшін оқшаулану процедурасынан өтеді. Бұл талап Теңіз кенішіне келген әр адам үшін міндетті болып саналады. ТШО мен мердігер компаниялар санитарлық өңдеуден өткізілген тұрғын жайларды  дайындады.

Сондай-ақ Теңіз кен орнындағы вахталық жұмыстан демалысқа шығатын жұмысшылар көлікке отырғанға дейін ПТР-тесттің теріс көрсеткішін алуы тиіс.